Павлодарда мұғалімдер аттестациядан өткізіле бастады

ПАВЛОДАР. 14 Павлодарда мұғалімдерді аттестациядан өткізу шарасы басталды, деп хабарланды білім бөлімінен.Жоғары және бірінші біліктілік санатынан үмітті 280-нен астам мұғалім жұмыс тәжірибелерін таныстырып, өздерінің портфолиоларын қорғауға тырысты.  

Мұғалімдік шеберлікті педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі облыстық институттың, қалалық білім бөлімінің әдіскерлері мен әдістемелік бірлестіктердің басшылары бағалады.

Жұмыстарды қорғау ашық түрде өтті, мұғалімдер әріспестерінің кәсіби жетістіктерімен танысты. Олардың ең үздіктері бір жыл бойы шеберлік сабақтарын өткізіп, ашық сабақтар, семинарлар мен конференцияларда сөз сөйлейтін болады.

Кәсіби аттестация шығармашылық сарында жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтайды, жағымды педагогикалық тәжірибені қалыптастыруға көмектеседі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе