Ақтөбе облысының әкімі қала маңындағы ауыл тұрғындарына жаңа мектеп салуға уәде берді

Жексенбі күні аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе әкімі  Бекбол Сағын қала маңындағы Ясное ауылындағы білім беру саласындағы нысандарын аралады. №41 мектепте 500-ден астам бала оқиды.  Бұл - аудандағы мемлекеттік тілде сабақ беретін жалғыз мектеп. Балалар бос кабинетті іздеу проблемасынан зардап шегуде. Кейде осы үшін тіпті екі сыныпты бір кабинетте оқытуға мәжбүр.

Бердібек Сапарбаевқа мектептің жертөлесінде орналасқан кітапхананы, шағын шеберхана мен  спортзалды көрсетті.  Мектепті аралаған өңір басшысы қала әкіміне мектепті салуға арналған учаске таңдауды тапсырды.

«2016 жылы мұнда балабақша салу жоспарланған. Мектептің құрылысын бастаған дұрыс болар, ал мына ғимаратты балабақша қылуға болады», - деді облыс әкімі.

Мемлекеттік-жеке серіктестігі механизмі пайдаланылуы мүмкін.  Бердібек Сапарбаев «Тенке Капитал» спортзалы мен «Әлихан» спорттық кешенін аралағанда да осы мәселе көтерілді. Бұл спорттық құрылымдардың иелері мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламасына қатысуға ниет танытты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе