Сақ мәдениетін тереңінен зерттеуге тиіспіз - М.Тәжин

АСТАНА. 5 Сақ мәдениетін тереңінен зерттеуге тиіспіз. Бұл туралы бүгін елордадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтіп жатқан Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерттеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин мәлім етті.«Біз сақ мәдениетін, әсіресе, массагеттерді (Арал бойын мекендеген), тиграхауда-сақтарын (Жетісу жерінде) және аримпастарды (Шығыс Қазақстан мен Алтайда) тереңінен зерттеуге тиіспіз. Бұл арада классикалық кезеңдегі еуропалық авторларды оқып, пайымдап қана қою жеткіліксіз», - деді М.Тәжин.

Мемлекеттік хатшы өз сөзінде Қаңлы мен Ғұн дәуірінің тарихи фактілері мен мәдени артефактілері (қолмұралары) дербес қарастыруды және пайымдауды қажет ететіндігін баса айтты.

«Ежелгі түркі мемлекеті, Түргеш және Қарлұқ қағанаттары да бөлекше назарымызда болуға тиіс, өйткені біздің арқаулық этномәдени және өркениеттік сәйкестігіміз - түркілігіміздің тамыры дәл соларға барып тіреледі. Еліміздің аумағындағы барлық ежелгі мемлекеттер мен қоғамдастықтар егжей-тегжейлі зерттелуге тиіс, себебі олар біздің этносымыздың қағазға түскен, дерек қалған тарихының маңызды буыны болып табылады», - деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе