Қытай консулдығы ұзын-сонар кезек туралы түсініктеме берді

АЛМАТЫ. КАЗИНФОРМ - Қытай консулдығы алдындағы виза алуға келген адамдардың ұзын-сонар кезегі туралы дипломаттар түсініктеме берді, деп тілшісі.Жазда Алматы консулдығы алдындағы кезек бұрынғыдан да көбейе түскен.

Жүздеген адам виза рәсімдеу үшін бірнеше сағат ашық аспан астында кезек күтуге мәжбүр.

Консулдық өкілдері кезекті азайтуға барынша жағдай жасап жатқанын хабарлады.

«Студенттік визаларды рәсімдеуге қосымша терезе ашылды. Сонымен қатар, қабылдау күндері уақытша ұзартылды. Енді қабылдау бейсенбі күні кешке дейін жалғасатын болады», - деді дипломаттар.

Алайда, Қытай консулдығында кезекті жылжытқаны үшін ақша алатын делдалдар барын көп адам айтып шағымданып жүр.

ҚХР бас консулдығы өз кезегінде шағымданған адамдардың арызына жауап берді.

Арызданушыларға жауап қытай және орыс тілдерінде хабарландыру тақтасына ілінді.

«Бас консулдықтың қызметкерлері кезекке қатысты қаржы жинауға құқылы емес. Егер сіздерден біреу ақша сұраса, оны айғақтайтын дәлеліңізді консулдық бөлімге көрсетуіңіз керек», - делінген хабарламада.

Қытайлық дипломаттар Қытайда оқитын қазақ студенттеріне құжаттарын уақытында тапсыруды өтінді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе