Алматыда шетелдің белді оқу орындары қазақстандық жас түлектерді өз оқу орындарымен таныстыруда

АЛМАТЫ. 16 Алматыда "Атакент" сауда орталығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жас түлектерге арналған  «Kazakhstan Education Abroad» атты  көрме өз жұмысын бастады.Шараның ұйымдастырушылары -  International Education Fairs, Study Innovations компаниялары мен "Халықаралық бағдарлама орталығы" АҚ.

Оған еліміздің жетекші ЖОО-лары мен шет елдің 80-нен аса танымал деген оқу орындары қатысуда. Әр оқу орнының өкілдері көрмеге келуші жастарды өз білім ордасымен таныстыруда.  

"Бүгінгі шара қазақстандық студенттер мен жас түлектерге шетелдік оқу орындарымен таныстыру мақсатында өткізілуде. Бұнда әр келуші армандаған оқу орны туралы қызықтырған сұрақтарына жауап алып, түсу талаптары жөнінде толық мағлұматтарға ие болад және мамандармен кеңесе алады", - деді  шара ұйымдастырушыларың бірі, "Study Innovations" компаниясының директоры Ерлан Ибрагим.

Көрме аясында мұнда Британдық  Кеңестің, DAAD, Campus France, Canadian Education Consulate, Турция Елшілігі білім департаменті өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, конференциялар, семинарлар өткізілетін болады. 

Аталмыш шара ертең де жалғаспақ.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе