Қазақстанда Түркі жазба тілін жаңғырту күні тойланды

– Қазақстанның бірнеше қаласында Түркі жазба тілін жаңғырту күні тойланды, деп тілшісі.

«Қазақстан түркі әлемінің орталығы болып саналады және алғашқы жалпытүріктік мереке мен түркі жазуы флешмобының ҚР Ұлттық музейінде өтуі де заңды. 1893 жылы Вильгельм Томсен алғаш рет Орхон бойынан табылған руникалық жазбаның сырын ашып, «Түркі» және «Тәңірі» сөздерін оқыған болатын. Сол жылы 25 қарашада Дания корольдік ғылым академиясының отырысында мәлімдеме жасады. Бұл әлемдік лингвистикадағы тарихи оқиға болды», - деді «Ұлы бұдұн» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, өнертану ғылымдарының кандидаты Меруерт Құрманғалиева ҚР Ұлттық музейінде өткен дөңгелек үстелде. Ұйым басшысы түркі халықтарын біріктіруді мақсат еткендерін айтты. «Ұзақ жылдар бойы көптеген түркі елдерінің шығармашылық адамдарымен байланыста болдық. 2017 жылы елордада конференция өткіздік. Сонда өздері қызығушылық танытқан бірқатар түрколог-ғалымдармен таныстық. Түркі әлемін біріктіретін күнтізбелік мерекеміз бар, ол – Наурыз. Ал мемлекеттіліктің негізі – жазу. Бізде мұндай бірыңғай мереке жоқ. Руна жазуы күні бар», - деп атап өтті М. Құрманғалиев. Оның айтуынша, биыл түркі жазуы күні Әзербайжанда, Түркияда және Қазақстанның бірнеше қаласында тойланды. «Қазақстан бойынша Орал, Алматы, Атырау қалаларында осындай шара өткізгіміз келеді, Атырау, Нұр-Сұлтан қалаларында жасап үлгердік. Қазақстан арқылы барлық түркі елдеріне үндеу тастап, келешекте бірге тойлағымыз келеді», - деді М. Құрманғалиева. Дөңгелек үстелде зерттеушілер ежелгі руна жазуы бойынша шеберлік сыныптарын өткізді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе