Қазақстанның жас өнерпаздары Парижден жеңіспен оралды

Париждің «Théâtre de Ménilmontant» сахнасында «Дарындар салюты»жобасының аясында балалар шығармашылығының «Париж, мен сені сүйемін!» XXIХ халықаралық фестиваль-байқауы өтті, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның көптеген қалаларынан келген жас дарындардың басын қосқан көлемді шарада беделді еуропалық қазылар алқасы отандастарымыздың өнерін жоғары бағалады. «Аспапты өнернама» номинациясында ұжымдар арасындағы бірінші орынға қазақстандық «Magic flute» ансамблі табан тіреді.

Орта жас тобында бірінші орынды Абдрахманова Амина, Құмарова Рахиля, Сартманов Мирас иеленді.

Кіші топта Калимова Амина және Лигай Дарья бірінші дәрежелі лауреат атағына ие болса, Серік Сәулет, Түсенова Камилла, Сәрсенбекова Сәбина мен Кушнарева Дарья екінші орын дипломанттары атанды.

Фестиваль қатысушыларына арнап, Лувр, Помпиду орталығының қазіргі заман өнер музейі мен Эйфель мұнарасына саяхат ұйымдастырылды. Қатысушылардың сөзіне қарағанда, әйгілі Диснейлендке сапар олардың жадыларынан кетпес саяхатқа айналды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе