Биыл Астанада 5 жалпы білім беретін мектеп салынады

2015 жылы Астанада 5 жалпы білім беретін мектеп салынады, деп хабарлайды astana.gov.kz.Елордада 88 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 105 мыңнан астам бала оқиды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 94 мыңға жуық оқушыны құраған. Жалпы білім беретін 88 мектептің ішінде 77-сі мемлекеттік (102 мың бала) және 11 мемлекеттік емес мекеме. 

Елордада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру мекемелері де бар. Ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға психологиялық-әдістемелік-педагогикалық коррекциялық қолдау көрсететін 30 арнайы кабинет пен ұйым қызмет етеді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың электронды базасы құрылған. Қазіргі кезде Білім басқармасының мәліметтер базасына 1805 бала енгізілді. 

Айта кетейік, бүгінгі таңда мектептерде тәрбиелеу процесін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша жұмыстар қолға алынды. Атап айтқанда, іс-шаралар, көрмелер, мерекелер мен спорттық-бұқаралық шаралар өткізілуде.

Бүгінде мектептердегі орын тапшылығы 1 864 құрайды, екі ауысымдық оқуды қоса есептегенде оқушылар саны 7 мектепте жобалық қуаттылықтан артық болып отыр. Мектеп жасындағы балалар санының өсуіне байланысты 2015 жылы 4800 орындық 5 жалпы білім беретін мектептің құрылысын бастау көзделген:

1. Қарталы және Оқжетпес көшелерінің қиылысында 1200 орындық мектеп;

2. Оқжетпес және Бөкеев көшелерінің қиылысында 1200 орындық мектеп;

3. Қалдаяқов - Нәжімеденов көшелерінің қиылысында (900 орын);

4. Нұра-Есіл каналында 1200 орындық мектеп;

5. Қорғалжын тас жолы (900 орын).

Астана қаласының Әкімдігі Ұлттық қордан бөлінген қаржы есебінен №16 мектепке қосымша ғимарат, сондай-ақ, мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын азайту үшін 7 балабақшаның құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе