Жетім көрсең, жебей жүр - Алматыдағы дәстүрлі қайырымдылық акциясы

АЛМАТЫ.  11 сә - Алматыда 11 сәуір күні «Жетім балаларға көмектесейік, бұл ешқандай қиын емес!» деген ұранмен дәстүрлі қайырымдылық акциясы өтеді.Жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті ұйымдастырған шара 2010 жылдың күзінде басталған болатын.

Жоғары оқу орнының баспа орталығының бас маманы Әлия Асмағұлованың айтуынша, факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер қауымы осы жолы Медеу ауданында тұратын жетім және ата-ана қамқорлығынан айырылған балалардың мамандандырылған «Жанұя» кешенінің 45 тәрбиеленушісіне киім-кешектер таратпақ. Олар аталмыш  кешенге көмек көрсетуді  алғаш рет 2011 жылы наурыз айынан бастаған болатын.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе