Бакуде өткен ғылыми-шығармашылық фестивальде қазақстандықтар үш аталым бойынша жеңімпаз атанды

АСТАНА. 8 сә2013 жылғы 1 сәуірде Әзірбайжан Республикасының астанасы Баку қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің «Идея бар!» атты II ғылыми-шығармашылық фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Оған Қазақстан Республикасының делегациясы қатысты.Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Аталмыш Фестиваль Әзірбайжан Республикасы Жастар және спорт министрлігінің бастамасымен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2020 жылға дейінгі халықаралық жастар ынтымақтастығы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді.

Фестивальдің негізгі мақсаты - студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ТМД кеңістігінде жастар саясаты саласындағы халықаралық байланыстарға қолдау көрсету.

Конкурсқа қатысу үшін 8 аталым бойынша 300 жұмыс ұсынылды: «Ауыл», «Технология және прогресс», «Қоршаған орта және даму», «Тұрғын үй және жұмыспен қамту», «Салауатты өмір салты», «Әлеуметтік сала», «Білім беру», «Басқалар».

Соның ішінде ең көп сұраным біздің елден тапсырылды - жалпы саны 277 жұмыстың ішінен 86-сы Қазақстан Республикасынан болды.

Конкурстың нәтижелері бойынша 3 қатысушы 1-ші орынға ие болды:

- «Технология және прогресс» аталымы бойынша - Молдабеков Марғұлан, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті;

- «Қоршаған орта және даму» аталымы бойынша - Ишанғалиева Сәуле, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;

- «Тұрғын үй және жұмыспен қамту» аталымы бойынша-Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ PhD 1 курсының докторанты Салиева Динара.

М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының студенттері Асығат Архат пен Торайғыр Мерхат «Қоршаған орта және даму» аталымы бойынша 2-ші орынға ие болды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе