Жас діндарлар диплом алды

АСТАНА. 11 «Астана» медресесі студенттері соңғы емтихандарын тапсырды. Ал, бітіруші түлектер диплом алды.ҚМДБ мәліметінше, биылғы он сегіз түлектің жетеуі үздік үлгідегі дипломға ие болды. Бұл үздіктердің үшеуі «Нұр Мүбәрак» университетіне жолдама алды. Олар білімін ары қарай жалғастырады.

 Сонымен бірге, қалған түлектер Орталық Азия мүфтилер Кеңесінің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазірет бұйрығымен еліміздің түкпір-түкпіріне қызметке тағайындалды.

 Медресе директоры Қалижан қажы ұстаз ретінде бітіруші түлектерге, бірқатар ақыл-кеңесін бере келе, қызметке барған ауыл-аймақтың көнекөз қариялары мен білімді азаматтарына ерекше құрмет етуді, олардың ақыл-кеңесіне құлақ түріп, өмірлік тәжірибесін пайдалануды, кітап оқып, ізденуді ешуақытта тоқтатпауды, дін тақырыбындағы дау-дамайдан аулақ болуды, сабыр сақтап дұрыс төрелігін айтуды,  діни дәріс берумен айналысуды насихат етті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе