«Мектепке жол»: батысқазақстандық сақшылар білім мекемелеріне 6 млн. теңге аударды

- Батысқазақстандық сақшылар «Мектепке жол» шарасы барысында мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ ата-ана қамқорлығынсыз қалған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар оқитын бес білім мекемесіне 6 млн. теңге аударды.БҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, атап айтқанда, Орал қаласындағы №15 облыстық көмекші мектеп-интернатқа, облыстық балалар үйіне, есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық мамандандырылған арнайы мектеп-интернатына, көзі нашар көретін балаларға арналған облыстық мамандандырылған арнайы мектеп-интернатына 1 млн. теңгеден, Зеленов ауданындағы Көшім балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесіне 2 млн.  теңге көмек берілді. Бұл білім ордалаларында 700-ден астам бала оқыса, соның 170-і - жетімдер.

Аталған мекеме директорларына департамент бастығы Махамбет Әбисатов сертификаттарын тапсырып, соңғы үш жыл бойы дәстүрге айналған бұл шараның алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Өңірде 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» шарасы одан әрі жалғасуда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе