Ағымдағы жылы 1186 азамат «Болашақ» бағдарламасының стипендианты атанады

АСТАНА.11 сәБүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен шет елде кадрларды дайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Алқалы жиынды ашқан Мемлекет хатшының алға тартқан деректеріне қарағанда, осы уақытқа дейін 8 мыңнан астам жас «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендианты атанып, оның тең жартысы оқуларын аяқтап елге оралды.

 «Олардың 64 пайызы АҚШ пен Ұлыбританияның жетекші университеттерінде білім алды. Бұл  Ұлт көшбасшысының өсіп келе жатқан талантты ұрпаққа жасаған қамқорлығының жарқын дәлелі. Республикалық комиссияның міндеті - халықаралық деңгейдегі топ-менеджерлерді дайындау турасындағы Президенттің тапсырмасына сай біздің жастарымыздың ең лайықты өкілдерін іріктеу»,-  деді М.Құл-Мұхаммед.

Жиын барысында ағымдағы жылдан бастап президенттік бағдарлама аясында ғылыми орталықтардың қызметкерлерімен қатар ұстаздар, дәрігерлер және инженерлердің де шет елде тағлымдамадан өтетіндігі айтылды. Бұл бастама Үдемелі индустриялық-инновациялық даму, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларын білікті мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Комиссия отырысы барысында белгілі болғаны, ағымдағы жылы 1186 азаматқа президенттік стипендия тағайындалмақ.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе