Бұрынғы Кеңес Одағының азаматтары Ұлыбритания колледждерінің бірінде тегін оқи алады

АСТАНА. 2 Магна Карта Британия ЖОО Оксфорд колледжі бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің азаматтарына елшіліктің қолдауымен қазанда және ақпанда қабылдауға колледжде оқуға 42 гранттан бөледі. Бұл туралы Магна Карта Оксфорд колледжінің атқарушы директоры Вадим Титов хабарлады.Ол аталған гранттар Global Ambassador Scholarship Programme (GASPR) бағдарламасы шеңберінде қазан 2013 ақпан 2014-те қабылдауға бөлінетінін нақтылады.

«Бұл бағдарлама әлем бойынша жыл сайын өткізіледі. Ол ағылшын тілінің қол жетімді болуы үшін ұйымдастырылған. Сондай-ақ, колледжде 30-дан астам әлем елдерінен студенттердің оқуына жағдай жасауға мүмкіндік беріледі»,- деді Британия ЖОО атқарушы директоры.

Оның сөзінше, қашықтықтан оқыту бағдарламасы бойынша оқыту үшін 100 пайыздық гранттар тұрмысы нашар отбасылардан шыққан тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға, сондай-ақ, балалар үйінен шыққан дарынды жасөспірімдерге бөлінеді. Қашықтықтан және сырттай оқыту бағдарламасы бойынша оқыту үшін 70-пайыздық гранттар ЖОО студенттеріне, мемлекеттік ұйымдар және кәсіпорындар мамандарына, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне бөлінеді. Өз кезегінде қашықтықтан, сырттай, күндізгі оқыту бағдарламасы бойынша оқыту үшін 50% көлеміндегі гранттарды қазіргі спортшылар, ЖОО студенттері, мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорын мамандары ала алады. «Онлайн Тьютор» қашықтықтан оқыту бағдарламасы бойынша оқыту үшін 50 пайыздық гранттар ЖОО мен мектеп оқытушыларына бөлінеді. Грант пайызы оқудың құнына жеңілдік болады дегенді білдіреді.

Вадим Титов оқыту Foundation Diploma ABE (4 деңгей) дайындық курсы сияқты бағдарламалар, бизнес-менеджмент (4, 5,6 деңгейлер) саласында АВЕ дипломы, бизнес-менеджмент (5&6 деңгей) саласында АВЕ кеңейтілген дипломы, АВP магистрі дипломы / АВP магистрі кеңейтілген дипломы (7 деңгей), Пре-Мастерс сертификаты, бітірушілер үшін практика (GDP), «Онлайн Тьютор» қашықтықтан оқыту бағдарламасы бойынша өтетіндігінен ақпараттандырды.

Британия ЖОО-ның атқарушы директоры оқытудың артықшылықтары есебінде колледждегі зияткерлік ынталандырушы, оқыту үдерісінің инновациялық және интерактивті сипатын, қысқа мерзімде ағылшын дипломын алу мүмкіндігін, оқу ақысын төлеудың ыңғайлылығын, Ұлыбританияның жетекші кәсіпорындарында тәжірибе өту мүмкіндігін ерекше атап көрсетті.

Вадим Титовтың сөзінше, ABE/ABP емтихан орталықтары жыл соңына дейін бұрынғы кеңес одағының барлық елдерінде пайда болады.

GASPR грант бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі - ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін, ал гранттарды тағайындау 25 қыркүйекте өтеді, ал келесі қабылдау - 2014 жылдың 15 қаңтарына дейін, деп хабарлады Вадим Титов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе