Алматыда оқушылар арасында өткен республикалық ғылыми байқаудың жеңімпаздары анықталды

АЛМАТЫ. 24   -  Бүгін Алматыда   ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен  оқушылар арасында өткен республикалық ғылыми байқау өз мәресіне жетіп,жеңімпаздары анықталды. 

Естеріңізге сала кетейік, байқау ақпанның 21-де басталған болатын. Білім сайысына еліміздің әр аймағынан 500-ге жуық оқушы-жас  зерттеушілер қатысып, ғылыми жобаларын қорғады. Олар «Қазақстан - 2030» стратегиясында Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік модельдері» тақырыбының төрт бағыты  бойынша («Ғылыми-техникалық прогресс - экономикалық өсудің негізгі буыны», «Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта - Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары») сынға түсті. Шараның мақсаты - ғылым мен білімді кіріктіру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, еліміздің болашақ ғылыми әлеуетін қалыптастыру болып табылады. 

Байқау нәтижесі бойынша жүлделі орындардың көпшілігіне Алматы қаласының оқушылары ие болды. Жоғары орыннан сондай-ақ, Павлодар, Астана және Қарағандының 20 оқушысы көрінді. Екінші дәрежелі медальді  35 оқушы  жеңіп алды. Ал үшінші дәрежелі медальді 100-ге жуық оқушы иеленді. Жеңімпаздар қатарында Алматы, Астана оқушыларымен қоса, облыстардан келген жас ғылымдар бар. Барлық жеңімпаздар медальдармен қатар, дипломдармен және демеушілердің сыйлықтарымен марапатталды. 

Марапаттау рәсімінде қатысушылар саны жылдан жылға артып келеді, сондықтан да медальдер саны артуда деп атап өтілді. «Біздің корпорация көп жылдан бері осы сынды байқауларға қолдау көрсетіп келеді. Жыл сайын біз  мұндай шараларға 2 миллион АҚШ долларына жуық қаражат бөлеміз. Біздің қолдауымыз сапалы адам капиталының  дамуына тамшыдай үлес қосса, қуаныштымыз. Жеңімпаздарды құттықтай отыра, ұйымдастырушыларға байқау сапасының артып келе жатқандығы үшін алғысымды білдіремін»,-деді  ISEF компаниясының өкілі Наталья Мякова.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе