Ағымдағы жылы елордада 8 мектеп пайдалануға беріледі

Қазіргі таңда Астанада №41 көше қиылысы ауданында 1200 адамдық мектеп құрылысы аяқталса, Л.Мирзоян көшесінде тағы бір білім ошағының құрылысы бітуге таяу. Сонымен бірге, 2014 жылы пайдалануға берілуі тиіс 8 мектептің құрылысы қызу жүруде. Бұл туралы Құрылыс басқармасына сілтеме жасап Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі  хабарлады.

 «2014 жылы келесі 8 мектептің құрылысы аяқтау жоспарланып отыр. Атап айтқанда,  Ш.Қалдыаяқов көшесінің оңтүстігіндегі №50 көше ауданында 1200 адамдық мектеп құрылысы  пайдалануға берілмек. Жоспарланған мерзім -  1 қыркүйек. Ал 1 тамызға дейін Жұмабаев көшесінің шығысы мен Сарайшық көшесінің оңтүстік бөлігінде орналасқан 1200 орындық мектептің құрылысы аяқталады, делінген хабарламада.

Сондай-ақ Есіл өзенінің сол жағалауындағы, Жәнібек-Керей хандар, Орынбор және Түркістан көшелері ауданындағы, Еңбекшілер, Орынбор, Жәнібек-Керей хандар көшелері қиылысындағы,  Сығанақ көшесінің оңтүстігіндегі, Комсомол тұрғын-үй алабындағы, 8. С.Сейфуллин көшесінің оңтүстігінде орналасқан жер аумағындағы мектептердің  тізімі берілген.

 Сонымен бірге, аяқталу мерзімі тағы 3 мектептің (3200 орындық) құрылысы жүруде. Бұл нысандарды 2015 жылы тапсыру жоспарланған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе