Павлодарлық оқушылар Мәскеуде өткен музыка фестивалінде жеңімпаз атанды

Павлодарлық оқушылар Мәскеудегі музыка фестивалінде жеңімпаз атанды. Байқауға 6-18 жас аралығындағы бес жүзден астам бала қатысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласындағы балалар музыка мектебінің оқушылары «Звезды столицы» балалар және жасөспірімдер шығармашылығының 16-шы халықаралық фестиваль-байқауында сәтті өнер көрсетті және ең жоғары марапаттарды иеленді, деп хабарлады Павлодар қалалық  білім беру бөлімі.

«Фестиваль-байқау «Я могу!» мәдени-білім беру жобасы аясында өтті. Байқау вокал, аспапта орындау, хореография, театр, цирк, көркем өнер мен декоративті-қолданбалы өнер бойынша талантты балалар мен жасөспірімдерді анықтау және марапаттауға бағытталған. Қазылар алқасының құрамында Ресейдің тәжірибелі педагогтары, жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, шығармашылық ұжымдар мен студия басшылары, еңбек сіңірген және халық әртістері, атақты актерлер, режиссерлер, әншілер, композиторлар, мәдениет пен өнерде еңбек сіңірген қызметкерлер жұмыс істеді»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, байқаудың бас жүлдесін Е.Үсеновтің «Кербез сұлу», Құрманғазының «Жима» шығармаларын орындағаны үшін «Серпін» фольклорлық ансамблі иеленді. 1 орынды «Той бастар» және «Тоқтаған» туындыларын орындаған «Қос ішек» домбыра ансамблі алды.

«Ансамбльдегі орындаулардан басқа жеке дауыста өнер көрсеткен қатысушылар жоғары марапаттарға ие болды. Оқушылар Ресей жұртшылығын қазақ музыкасының ұлы мұрасымен таныстырып, аспапта ойнаудың  шеберлігін көрсетті, - деді білім беру бөлімінде.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе