Павлодар педагогикалық институтында шаңғы базасы ашылды

ПАВЛОДАР. 8 Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты (ПМПИ) «Жасыл тоғай» демалыс аймағында өзінің шаңғы базасын құрды, деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.Мұнда киім ауыстыруға, шаңғы, шана алуға болатын жылы вагонша орналастырылды.

ПМПИ-дың спорттық базасы - аймақтағы үздіктердің бірі: мұнда баскетбол, волейбол, күрес, гимнастикамен айналысуға арналған залдар, бокс алаңдары, жүзу бассейні, тренажерлар бар. Енді ЖОО-да қысқы демалысқа арналған база да пайда болды.

«Біз студенттеріміз бен оқытушыларымыздың салауатты өмір салты үшін жағдайлар жасаудамыз. Президент өзінің халыққа Жолдауында дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің ерекше қамқорлығына алынып, ұлт денсаулығының кілті болуы тиіс екендігін атап өтті. Біздің жаңа базамыз - бұл бос уақытты салауатты өткізіп, спорттың қысқы түрлерімен айналысу мүмкіндігі», - деп атап өтті институттың ректоры Нұрғали Аршабеков.

Шаңғы базасының ашылу күнінде шаңғы эстафетасы, шана жарыстары және «Көңілді жарыстар» өткізілді. Оларға оқытушылардың отбасылық спорттық командалары қатысты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе