Педагог мамандықтарына түсетін талапкерлер үшін шекті балл тағы жоғарылайды – БҒМ

– Педагог мамандықтарына түсетін талапкерлер үшін шекті балл биыл тағы жоғарылайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесуі барысында мәлім етті, деп .

Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, студенттермен кездесу ашық диалог форматында өткен. Жүздесуде Асхат Аймағамбетов білім саласы үшін маңызды екі құжаттың қабылданғанын атап өтті. Олар - 2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы және «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы. Министр педагог қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсарту және білім сапасын арттырумен жаңартылған білім бағдарламасының артықшылықтары туралы әңгімеледі. «Қабылданған заңға сәйкес, педагогты оқыту мен тәрбиелеудің авторлық әдістерін әзірлеу және қолдану, оқу құралдарын таңдау, ақпараттық ресурстарды тегін пайдалану, біліктілікті арттыру және тағылымдамадан өту нысандарын таңдау бөлігінде кәсіптік құқықтары кеңейтіледі. Мектеп мұғалімдерінің сапалы құрамын арттыру үшін магистр дәрежесі бар тұлғаларға 10 АЕК көлемінде қосымша ақы қарастырылған. Сонымен қатар, дәптер тексерумен сынып жетекшілік үшін 2 есе ақы, тәлімгерлік пен педагогикалық шеберлікке арналған қосымша ақылар көзделген», - деді Асхат Аймағамбетов. Айта кеткен жөн, педагогикалық шеберліктің біліктілігіне қосымша ақы барлық педагогтар үшін лауазымдық жалақыдан 30-дан 50%- ға дейінгі мөлшерде белгіленеді. Кездесуде Асхат Аймағамбетов жоғарғы оқу орнына педагог мамандықтары бойынша түсуде шекті балл жоғарылайтындығын хабарлады. Мәселен, 2019 жылы педагогикалық мамандықтарға түсуге шекті балл 60 балға дейін өскен. Ендігі кезекте 2020 жылы шекті межені 70 балға дейін көтеру жоспарлануда. «Бүгінгі таңда ең үздік мектеп түлектерінің арасында мұғалім мамандығы айтарлықтай сұранысқа ие болмай отыр. Осы ретте талапкерлер тарапынан даярлаудың педагогикалық бағыттары сирек таңдалып жатады. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш берген кезде талапкерлер көбінесе педагогикалық бағыттарды үшінші және төртінші қылып көрсетеді», - деді министр. Ведомство басшысының айтуынша, талапкерлерді педагогикалық мамандықтарға тарту үшін өткен жылы ҚР БҒМ-мен бірқатар нақты шаралар қабылданды. Бұдан бөлек, министр 2021 жылдан бастап жоғары оқу орындарының мемлекеттік үлгідегі емес, жеке үлгідегі (әскери және арнайы оқу орындарын қоспағанда) диплом беруі туралы норма күшіне енетінін айтты. Бұл жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестікті арттырып, ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасына қатысты жауапкершіліктің өсуін қамтамасыз етпек. «Енді жұмыс берушілер дипломға емес, түлектің құзыретілігіне көбірек көңіл бөледі. Жұмысқа орналастыру кезінде жоғары оқу орнының беделі мен имиджі басты рөл атқарады. Студенттер мен ата-аналарды жоғары оқу орнын таңдауда мұқият болуға шақырамыз», - деді А. Аймағамбетов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе