Семейде «Жыландар алқабына» археологиялық экспедиция аттандырылады

ӨСКЕМЕН. 14 Семейдің мемлекеттік педагогикалық институтында экспедицияның құрылуы басталды.Олар оқу демалыстары басталысымен Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы археологиялық ортада «Жыландар алқабы» атауымен танымал қорған алқабын зерттеуді жалғастыратын болады.

Экспедицияға тарих факультетінің студенттері қатысатын болады. Жас тарихшылармен бірге экспедицияға археология профессоры, ЖОО оқытушысы және Семей Мемлекеттік педагогикалық институтының жанындағы Манаш Қозыбаев атындағы тарих және әлеуметтiк-саяси зерттеулер ғылыми орталығының ғылыми қызметкері Амантай Исин, археология және этнология магистрі Айдын Жүнісханов дайындалуда.

Естеріңізге сала кетейік, археологтар Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы қорғандар алқабынан ақүйектер әулетінен шыққан жауынгерлердің ескі 5 моласын тапқан болатын. Бұл жаңалықты Семей мемлекеттік педагогикалық институты мен Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының бірлескен экспедициясының археологтары ашты.

2009 жылы алқаптарды зерттеу жұмысын СМПИ мен Ә. Марғұлан атындағы археология институты бірігіп жалғастырды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе