Жезқазғанда 900 орындық жаңа мектептің құрылысы басталды

Жезқазған қаласында 900 орынға шақталған жаңа орта мектеп мектептің құрылысы басталды, деп тілшісі.Қазіргі таңда іргетасты құю, бағаналарды, плиталар мен панельдер орнату бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жобаның авторы - «Шебер» ЖШС. Мердігер - жергілікті нарықта белгілі «Аспап» өндірістік кооперативі. Аталмыш кәсіпорын облыстағы бірнеше қала мен ауданда мектептер мен әлеуметтік нысандар салған.

Құрылысты 2020 жылдың қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарлануда. Жұмыс сапасы тұрақты түрде қадағаланатын болады. Құрылыс алаңында авторлық және техникалық қадағалау да жүзеге асырылады.

Жаңа мектепте инклюзивті оқыту қарастырылған. Ол тек Жезқазғанның оқушыларын ғана емес, сонымен қатар Ұлытау ауданының балаларын да қабылдайды. Қазіргі заманғы оқу ордасының ашылуы балаларға сапалы білімге қол жеткізуге мүмкіндік тудырады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе