Тараздың шеткі ауданы мен саяжайларының түйткілдері шешімін табады

– Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласы мен тиісті басқармалардың басшыларына облыс орталығының шеткі ауданы мен саяжай алқаптарының қордаланған мәселелерін шешу бойынша жоспар-кестесін әзірлеуді тапсырды, деп облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бердібек Сапарбаев алқап тұрғындармен кездесулер өткізіп, оларға түйінді түйткілдердің жергілікті бюджеттің мүмкіншілігіне қарай кезең-кезеңімен шешілетіндігін ашық түсіндірудің маңыздылығын баса айтты. Аймақ басшысы әлеуметтік мекемелер мен қажетті инфрақұрылымдардың құрылысы қомақты қаржыны талап ететінін, дегенмен өзекті мәселелерді шешу үшін кез келген жағдайда тиісті шараларды қабылдау керектігіне назар аудартты. Бұл орайда басты талап – жүктелген міндеттерді уақтылы орындау, халықпен ашық диалог жүргізу. Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаевтың айтуынша, шалғай Қарасу тұрғын үй алабында 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысын жүргізу, одан әрі жұмыс істеуін жергілікті кәсіпкердің бірі өз мойнына алып отыр. Ол үшін арнайы жер телімі де бөлінген. Емдеу мекемесінің құрылысы ағымдағы жылы басталып, аяқталады деп күтілуде. Амбулатория келісімшартқа сәйкес сенімгерлік басқаруға берілмек. Сондай-ақ, қазіргі таңда Қарасуда тұратын 2 388 бала қаланың түрлі білім шаңырағына қатынап оқуда. Сондықтан жаңа мектеп салу қажеттігі туындап отыр. Алдын ала есепке сәйкес бұл нысан жобасының құны 2,1 млрд теңгені құрап отырғандығы айтылды. - 600 орындық мектеп үшін бұл өте жоғары баға. Жоба құның қайта қарау керек, - деп атап өтті облыс әкімі. Бұл орайда аймақ басшысы құрылыс тек келесі жылы, құжаттамалар мен мемлекеттік сараптаманың қорытындысы дайындалғаннан кейін басталуы мүмкін екендігі алға тартып, әзірге балаларды тасымалдау ісін дұрыс ұйымдастыру қажеттігіне көңіл бөлді. Шалғай Қарасудың жеті жаңа тұрғын үй алабында ауыз су мен электр желілерін тарту қажет. Ол жұмыстар бюджеттен бірінші кезеңде 570 миллион теңге, екінші кезеңде 450 миллион теңге қарастыруды талап етеді. Тиісті құжаттар дайындалу үстінде. Жобаларды жүзеге асыру келесі жылдың жопарында. Барлық жолдары бірден асфалтьтау мүмкін емес, сондықтан бірқатар көшелерге қиыршық тас төселсе, кейбір жолдар ағымдағы жылы жөндеуден өтпек. Айтқазы Қарабалаев жеке автобус парктерінің қоғамдық көліктері шеткі аудандарға қатынай бермейтінін атап өтіп, келесі конкурс талаптарында осындай тиімділіктерді ескеру керектігін жеткізді. Қарасудағы тағы бір мәселе – жергілікті көшелердің тарылуы. Ондағы көптеген тұрғындардың рұқсатсыз әр түрлі шаруашылық құрылыстарын жүргізуі қоғамдық көліктердің қозғалысы үшін ыңғайсыздық туғызуда. Бұл мәселелер қаланың барлық саяжай алқаптарына ортақ. Алқаптарды электр желілерімен қамтуға 1,5 миллиард теңге, ауыз сумен қамтамасыз етуге 2 миллиард теңге қажет. - Тараздықтар қоғамдық көліктердің жағдайына және олардың жұмыс кестесіне шағымдануда. Шағын автобустарды ыңғайлы отандық көліктермен ауыстыру керек. Қоғамдық көлік кемінде 22:00 сағатқа дейін жұмыс істеуге мінддеті, бұл талап келісімшартта нақты жазылуы тиіс. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне осы шарттың орындалуын қатаң бақылауда ұстағаны абзал, - деп атап өтті өңір басшысы. Бердібек Сапарбаев осы мәселені Тараз қаласы әкімінің тиісті орынбасарына жолаушылардың шағымдарына назар аударып, тасымалдаушыларға қатаң шара қолдануды тапсырды. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі саябақтарды, скверлер мен аллеяларды облыстық басқармаларға бекіту, Тараз тұрғындарын тарта отырып, ауқымды сенбіліктер өткізуді бастау туралы тапсырмасын қайта нықтады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе