Білім және ғылым министрлігі алдағы жылдарға қосымша білім беру жүйесінің салалық бағдарламасын әзірлеп жатыр

АСТАНА. 29 Білім және ғылым министрлігі алдағы алты жылға негізделген қосымша білім беру жүйесін дамыту салалық бағдарламасын әзірлеп жатыр. Бұл туралы бүгін Астанадағы семинар-кеңесте аталған ведомствоның Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева айтты.

 «Қазіргі кезде 2012-2017 жылдарға арналған қосымша білім беру жүйесін дамытудың үлкен салалық бағдарламасын даярлау тапсырмасын алдық. Қосымша білім берудің педагогтарына біліктілік санаты бойынша үстеме ақы төлеу, қосымша білім берудің республикалық облыстық ұйымдарын ашу бойынша нормативтік-құқықтық базаны қайта қарастыру тұрғысына жұмыс істеп жатырмыз»,-деді департамент директоры.

Ж. Жонтаеваның сөзіне қарағанда, 1991 жылдан бері Қазақстанда үйірмелер мен секциялардың, оқушылар үйлерінің көлемі 1 727-ден 621-ге дейін, яғни үш есеге төмендеген.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе