Петропавлда 34 сарбаз «атқыш» мамандығын алды

Петропавлда ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебін аяқтаған 34 курсант салтанатты түрде ант қабылдады, деп тілшісі.

Әскери техникалық мектептің тәрбиеленушілері 40 күн ішінде әскери-техникалық мамандықтардың бірін меңгереді. Петропавлдағы Жеңіс саябағында емтихандарды сәтті тапсырған сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдады. Оқу курсынан өткен түлектер «қатардағы жауынгер» атанып, әскери билетпен қатар «атқыш» мамандығы бойынша сертификат алмақ. «Оқуға ниет етіп келгендердің арасында заңгерлер де, бағдарламашылар да, мұғалімдер де бар. Олар әскери полигонда болып,  оқу-жаттығулардан өтті. Қару-жарақпен танысып, нысанаға тигізуді үйренді. Әскери билет алғаннан кейін түлектеріміз қызмет етуге дайын», - дейді СҚО әскери-техникалық мектептің оқытушысы Жайлау Шәріпов. Әскери техникалық мектепке 24 пен 27 жас аралығындағы жоғары білімі бар жігіттер түсе алады. Оқу ақылы, 263 мың теңге тұрады.   «Мұндай мектептер  тиімді, 40 күн ішінде әскери билет алу жастарға оңтайлы болса, еліміздің Қарулы Күштері қатары да мобильді резервпен толығады. Қазір мұндай мектептер еліміздің 15 қаласында бар. СҚО-дағы оқу орны Қостанай облысының азаматтарын да даярлықтан өткізеді. Оқу ақысы сарбаздарды күнделікті үш мезгіл тамақпен, әскери киіммен және жататын орынмен қамтамасыз етуге жұмсалады», - дейді СҚО Қорғаныс істері департаменті баспасөз қызметінің бастығы Айман Әбжапбарова.   Биыл әскери-техникалық мектеп 500-ден аса азаматты оқытуға тапсырыс алған.  Бұл жолғы түлектердің 15-і СҚО-дан болса, қалғаны Қостанай өңірінің жігіттері. Жалпы жыл басынан 200-ге жуық азамат Петропавлдағы әскери мектепті бітірді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе