Келесі жылдан бастап барлық мектептерде бірінші сынып оқушылары үшін ағылшын тілі енгізіледі

АСТАНА. 18 Келесі жылдан бастап еліміздің барлық мектептерінде бірінші сынып оқушылары үшін ағылшын тілі енгізіледі.Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Баяндама барысында үштілді оқыту мәселесіне тоқталған министр, бұл бағытта мемлекетік тілде оқытуға баса назар аударылатынын атап өтті. «Қазақ тілі - ұлтымыздың рухы, рухани байлығы, оны білу әрбір Қазақстан азаматының борышы деп білеміз», - дейді министр Б. Жұмағұлов.

Сонымен қатар, Елбасының «2020 жылы барша мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді білуі тиіс» деген міндетіне тоқталған ол, білім беру жүйесінің мақсаты осы тапсырманы орындау екендігін де айтты.

«Орыс тілі біздің ортақ байлығымыз, оны жоғалтпауымыз керек. Сонымен қатар, ғылымға, инновацияға, технология мен бизнеске жол ашатын ағылшын тілін біліп, үйренуіміз қажет. Қазірдің өзінде 33 мектепте бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылса, келесі жылдың қыркүйегінен бастап аталған тәжірибе барлық мектептерге енгізілетін болады», - дейді Б. Жұмағұлов.

Оның айтуынша, жекелеген пәндер кезең-кезеңімен ағылшын тілінде оқытыла бастайды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе