Қармақшы ауданында 280 орындық балабақша ашылды

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кентінде 280 орындық балабақша пайдалануға берілді. Елбасының «Балапан» бағдарламасы негізінде бой көтерген бөбекжайдың ашылу салатанатында облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова қатысты, - өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметінен. - Болашағымыз - бүлдіршіндердің мектепке дейінгі білім алу мәселесі облыста оң шешімін тауып келеді. Елбасының 2020 жылға дейін балаларды толықтай балабақшамен қамту тапсырмасын біз келер жылдың соңына дейін шешеміз, - деді облыс әкімінің орынбасары А.Әлназарова.

Жалпы, балабақша барлық талапқа сай жасақталған. Мұнда бүлдіршіндер үш тілді үйреніп, түрлі үйірмелерге қатысатын болады.

Сондай-ақ Ақай ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория ашылды. Ауыл тұрғындарының ем алу мәселесі күрделі боп келген. Енді алысқа бармай өздерінің денсаулықтарын тексерте алады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе