Онлайн университеттер лицензия алуы тиіс - БҒМ

Қазақстандағы онлайн университеттерге лицензия алу міндеттеледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында ұсынылды, деп тілшісі.

«Онлайн-оқытудың талаптарын әзірлеп, онлайн-университеттер мен тұтас онлайн оқытуды лицензиялау мәселесін қолға алған жөн. Сонымен бірге, жоғары білімі бар мамандарды, әсіресе педагогикалық бағыттағы мамандарды әзірлеудің кей бағыттары бойынша талаптарды қайта қарау керек. Жаңа университеттердің ашылуы «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасында көрсетілгендей, Үкіметтің келісімімен жүргзіліуі тиіс», - деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласын бақылау комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова. Өз кезегінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн университеттердің жұмысы туралы пікір білдірді. «Онлайн-оқыту қазіргі заманның көрінісі. Қаласақ та, қаламасақ та, бұл қызметті заң жүзінде реттеуіміз керек. Мұны (Онлайн оқытуды - ред.) теріске шығарып отырған жоқпыз, керісінше осындай оқу орындарына белгілі бір талаптар қоюымыз керек. Басқа ЖОО-лар лицензия алып, диплом беріп жатқанда, қашықтықтан оқытатын ЖОО-лардың құқықтық аяда жұмыс істемей-ақ диплом беруі дұрыс емес. Барлығына біліктілік талаптары қойылып, лицензия берілуі тиіс. Сапа мен білім беру талаптарына сай келгендер ғана білім беруі тиіс», - деді министр Аймағамбетов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе