С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың оқытушылары «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2011» мемлекеттік грантын иеленді

АСТАНА. 24 Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 8 оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2011» мемлекеттік грантының иегері болды.Педагогтарға мемлекеттік гранттарды тапсыру салтанаты Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде өтті.

Еске салайық, дәстүрлі байқау өткен жылы 8 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтті. Оған 83 жоғары оқу орнынан 600-ден астам үміткер қатысып, нәтижесінде 200 ұстаз «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды. Олардың арасында Астананың ең көне университеті - С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың 8 оқытушысы бар: Сәрсенбай Әбдірахманов, Жайдары Әбілдина, Болат Әбдікәрімұлы, Юрий Балджи, Нұрлыбай Қажығалиев, Николай Костюченков, Саяхат Нөкешев және Базархан Рүстембаев.

Әр гранттың құны - 3,2 млн. теңге. Бұл қаражатқа байқау жеңімпаздары ғылыми жұмыстарын жалғастырып, шет елдің жетекші жоғары оқу орындарында тәжірибе жинақтай алады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе