Еріктілер шалғай ауыл балаларына ағылшын тілін тегін үйретіп жүр

2019 жылы «Open English» жобасы аясында астаналық 7 мың оқушыға ағылшын тілін үйрету көзделіп отыр, деп тілшісі «Жас ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» РҚБ жетекшісі Динара Сәдуақасоваға сілтеме жасап.

«Open English» жобасы аясында Астананың шеткі аймақтары саналатын Қосшы, Лесозавод, Чугунка елдімекендерінде орналасқан 15 мектеп таңдап алынды.

«Бұл аумақтарда ағылшын тілін үйренуге үлкен қажеттілік бар, ал орталықта орналасқан мектептерде ондай үлкен мұқтаждық жоқ. Ағылшын тілін үйрететін тегін курстар аптасына екі рет өтеді. Бүгінгі таңда 45 оқытушы-волонтер Астанадағы 180-ге жуық оқушыға дәріс беріп жүр. 15 топ жұмыс істеп тұр, әрбір топта 12 оқушыдан бар», - дейді Динара Сәдуақасова.

«Курстан өту үшін балалардың ағылшын тілі бойынша базалық білімі болуы керек. Біз неге алдымызға ондай мақсат қойып отырмыз? Өйткені жоба аяқталған соң шәкірттер IELTS сынағынан 6.0 ұпай жинаса дейміз», - дейді ол.

Д.Сәдуақасованың сөзіне қарағанда, 2019 жылы аталмыш жобаның ауқымын кеңейтіп, 7 мыңнан астам оқушыны оқыту ойда бар. 2019 жылдың екінші жартысында аталмыш жоба Қазақстанның басқа өңірлерінде де жүзеге асырылады.

«Осы үлгіні негізге ала отырып, келешекте қазақ тілін де оқытуды көздеп отырмыз. Сонымен қатар, латын әліпбиінде жазу курстарын ұйымдастырғымыз келеді», - деп атап өтті Динара Сәдуақасова.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе