«Алтын Қыран» компаниялар тобы «Үздік әлеуметтік жоба» аталымында «Парыз-2013» сыйлығының жеңімпазы атанды

АСТАНА. 20 «Алтын Қыран» компаниялар тобы «Үздік әлеуметтік жоба» аталымында «Парыз-2013» сыйлығының жеңімпазы атанды. Аталған сыйлықты бүгін «Индустрияландыру күні» аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев аталған компаниялар тобы бақылау кеңесінің төрағасы Исламбек Салжановқа табыс етті.Компаниялар тобы бұл сыйлыққа Ақтөбе облысының Қобда ауданына қарасты Қобда ауылында 150 орындық «Нұрлы Болашақ» атты көпфункционалды балабақшаны салып, мемлекет меншігіне тегін беруіне байланысты ие болып отыр.

«Біз өскелең ұрпақты оқыту, болашақ патриоттарды тәрбиелеу балабақшадан басталатынын жақсы түсінеміз. Бұл тұрғыда, біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мектепке дейінгі тәрбиемен балаларды 100 пайыз қамту жөніндегі бағдарламасын толық қолдай отырып, өзіміздің қаражатымызға Ақтөбе облысы Қобда ауылында 467 млн. теңгеге жаңа үлгідегі 150 орындық балабақша салып, мемлекет меншігіне тегін тапсырдық. Бұл «Алтын Қыран» компаниялар тобының құрылғанына 20 жыл толуына орай мемлекетке жасаған сыйлығымыз», - деді И.Салжанов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе