Алматы облысында «Мектепке жол» акциясы аясында 10 күн ішінде мектеп оқушыларына 36 млн. теңгенің материалдық көмегі көрсетілген

Алматы облысында «Мектепке жол» акциясы биылғы жылы «Балаларға бірге көмектесейік» атты ұранмен өтіп жатыр. Дәстүрлі акция аз қамтылған отбасылардың балаларына мектеп қажеттіліктерін алуға көмектесу және әлеуметтік себептерді алға тартып, балалардың мектепке бармай қалуының алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлованың айтуынша, биылғы жылдың 1-10 тамызы аралығында 3 020 балаға жалпы сомасы 36 млн. 517 мың теңге болатын материалдық көмек көрсетілген, оның ішінде 1 559 балаға 10 млн. теңгеге жуық сома демеушілік жәрдем жасалған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасу үстінде.

Мәселен, жуырда Талдықорған қаласындағы «Мүшелтой» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігі акция шеңберінде кезекті шара ұйымдастырды. Мүшелтойлықтар 11 отбасының балаларын мектеп формаларымен, басқа да қажеттіліктермен қамтамасыз етті. Сол сияқты «Жәрдем» жастардың қоғамдық қоры 60 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдарын алып берді. Сондай-ақ осындай қайырымдылық шараларына облыстық прокуратура, «Қазпошта» бөлімшесі, «Лактис LTD» ЖШС, «Талдықорғанжылусервис» ЖШС қызметкерлері де атсалысты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе