Орыс тілді мектептегі әр оқу сағатында шәкірттер қазақ тілінде 3 сөзден үйренсе, 10-шы сыныпқа дейін 4 мың 800 сөз білуі тиіс - А. Смайыл

АСТАНА. Желтоқсанның 9/Қанат Мәметқазыұлы/ - Егер орыс тілді мектептегі әр оқу сағатында шәкірттер қазақ тілінде 3 сөзден үйренсе, 10-шы сыныпқа дейін 4 мың 800 сөз білуі тиіс екен. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Білім және ғылым министрінің атына мемлекеттік тіл мәселесін көтеріп, сауал жолдаған депутат Алдан Смайыл осылай мәлім етті,  деп .

«Қазіргі таңда республиканың орыс тілді мектептерінде 1-ші сыныптан 9-шы сыныпқа дейін қазақ тілінде 1 мың 600 сағат оқытылады. Егер әр сағатта шәкірттер қазақ тілінде 3 сөзден үйреніп отырса, 10-шы сыныпқа көшкенге дейін 4 мың 800 сөз білуі тиіс. Лингвист ғалымдардың дәлелінше, кез-келген тілде айтар ойыңды толық жеткізу үшін 3,5 мың сөз қоры жеткілікті. Ал біздегі жағдай - мектептерде қазақ тілін оқытуға бөлінген сағат дұрыс анықталғанымен, сол уақыттың білім ошақтарында талапқа сай пайдаланылмайтынын көрсетіп тұр», деді А. Смайыл.

Оның айтуынша, бұл бір жағынан қазақ тілін оқытуға деген мұғалім жауапсыздығын әрі оқулықтардың сапасыздығының белгісі.  Бұл ретте депутат шәкірттердің мемлекеттік тілді білу деңгейін ешкімнің де тексеріп отырмағанын алға тартады. «Мектеп түлектері үшін қазақ тілі алдағы уақытта соншалықты қажет болмайтындығы да олардың ынтасына кері әсерін тигізіп отыр. Қазақ тілін әрбір қазақстандық өреннің мектепте еркін біліп шығуына қол жеткізу керек. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру арқылы ел бірлігін нығайтуға ықпал етудің аса қажетті әрі өрелі жолы осы. Сондықтан да, аталған мәселені уақыт оздырмай, мемлекеттік жауапкершілікпен шешу шарт», деді А. Смайыл. Сонымен қатар, депутат жастардың мектепте үйренген тілін одан арғы өмірінде толықтыра түсуге мүмкіндік беретін шаралардың да ойластырылуы қажеттігін атап өтті. «Бұл мақсатта қазақ тілін жоғары оқу орындарында, кәсіптік білім беру жүйесінде қазіргідей бір жыл ғана емес, барлық курстарда үзбей оқыту жүйесі жүзеге асырылса игі», деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе