Биыл елордада 12 мектеп салынады

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бірқатар білім беру нысандарының құрылысымен танысты, деп қала әкімдігіне сілтеме жасап. «Халық санының өсуіне байланысты әлеуметтік нысандардың, оның ішінде мектеп мен балабақшаның жүктемесі артып отыр. Биыл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп мектеп салынып, пайдалануға беріледі. Бұл дегеніміз 20 мың орындық 12 мектеп (2021 жылға 40 мың оқушы орнына дайындаламыз). Оқу орындарын бірінші кезекте қажеттілік туындап отырған жерлерде саламыз. Бұл үш ауысымды және шамадан тыс жүктемесі бар бірқатар мектептің мәселесін шешуге мүмкіндік береді», - деп жазды Алтай Көлгінов Инстаграмдағы парақшасында. Оның айтуынша, оқу орындарының құрылысына жеке инвесторлар тартылады. Инвестициялық кеңесте 24 білім беру нысанын салу қолдау тауып, оның алтауында құрылыс жұмыстары басталды. «Бүгін таңертең аралау барысындла бірқатар мектептердің (Ж. Омаров көшесі мен Е312, Ұлы дала даңғылының қиылысы) құрылыс барысымен таныстым. Инвесторларға жағдай жасаймыз. Олар үшін бұл тек әлеуметтік жауапкершілік қана емес, сонымен қатар нарықта жұмыс істеу мүмкіндігі. Қосымша жұмыс орындары пайда болады», – деді Алтай Көлгінов. Кешенді жоспар аясында 5 жыл ішінде 60 мың орындық 50 мемлекеттік мектеп (оның 10-ы қазіргі мектептердің аумағында) салу жоспарланған. Екі ауысымда бұл 120 мыңға жуық оқу орнын құруға мүмкіндік береді. «Құрылыс салушылар «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын ұстанып, дамытуы қажет. Құрылыс барысында санитарлық нормаларды сақтау маңызды әрі аумағын абаттандыру жұмыстарын уақтылы жүргізу қажет», – деп атап өтті А.Көлгінов.
71100
    Iздеу

    Күнтізбе