Қазақстан мен Словакия Республикаларының Білім министрліктері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

АСТАНА. Қарашаның 3/Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Словакия Республикасының Білім министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды,деп .

Меморандумға Қазақстан Республикасының білім министрі Жансейіт Түймебаев пен Словакия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Душан Подгорски қол қойды.

Меморандум аясында магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алушылармен алмасу көзделген. Ж.Түймебаевтың атап көрсеткеніндей, білім алушылар оқу ақысын төлеуден толығымен босатылады, сондай-ақ оларға тиісті стипендиялар төленіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жағдайлар жасалатын болады.

Министр, шетелдік мейманға Қазақстанда мектеп жасына дейінгі, орта және жоғары білім беру бағытында атқарылған және атқарылып жатқан жұмыстар жайында, 1994 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан ҚР Президентінің «Болашақ» бағдарламасы туралы әңгімелеп берді.

«Бүгінде Қазақстанда 10 мыңнан астам шетел азаматы білім алады. Словакия Республикасымен де бұл бағыттағы ынтымақтастықты дамытуға ниеттіміз», - деді ол. 

Өз кезегінде Д.Подгорски: «Бүгінгі меморандумға Словакия үш жыл талаптанғандықтан, біз үшін бұл үлкен жетістік деп санаймын. Қазіргі күні Словакия мен Қазақстанның кем дегенде 10 университеті арасында келісімдер бар», - деді.

Осы келісімдер аясында жетістікті жұмыс жасап отырған ЖОО-ларды атап өтсек - Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен Словакияның техникалық университеті, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Братиславаның Экономикалық университеті, Қарағанды Мемлекеттік техникалық университеті мен Словакия техникалық университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен А.Дубчек атындағы Тренчиндік мемлекеттік техникалық университет.

Айта кетейік, Словакияның үкіметтік бағдарламасы шеңберінде аталмыш елде білім алу үшін Қазақстанға жыл сайын білім гранттары бөлініп келеді. Қазір аталмыш грант бойынша бес қазақстандық білім алуда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе