ШҚО студенттері Қытайда жануарларға ота жасады

- Бір ай бойы Қытайда мал дәрігерлігі бойынша өндірістік тәжірибеден өткен шығысқазақстандық студенттер елге оралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.«Біздің жеті студентіміз Бақыт Айтбаеваның жетекшілігімен Чанцзи қаласында білімдерін шыңдап келді», - дейді Зайсан технологиялық колледжінің директоры Ерік Сейілханов.

 ШҚО әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қытайда оқыту өткен жылы Шығыс Қазақстан облысы басшылығы мен Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі арасында жасалған меморандум аясында өткізілді. Осы келісімнің арқасында Зайсан технологиялық колледжі мен Шыңжаң аграрлық кәсіби-техникалық институты арасында жақсы байланыс орнады.  

Қытайлық әріптестер Шығыс Қазақстаннан келген студенттерді жоғары оқу орнының ережелері және қауіпсіздік техникаларымен таныстырып, оқу корпусы, мультимедиа және лингафон кабинеттерін аралатты.

 «Тәжірибе 60 сағаттан артық жасалды, - дейді Бақыт Айтбаева. - Институттың зерттеу-тәжірибелік орталығы ең соңғы үлгідегі техникалармен: медициналық  дәрі-дәрмектер, хирургиялық оталарға арналған құралдар, рентген және УДЗ аппараттарымен жабдықталған». 

Тәжірибеден өтуші студенттер қытай фармокологиясының ерекшеліктерімен танысып, ауру жануарларға диагноз қойды және оларға ота да жасады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе