ҚХР-дан келген делегат: Астанада өтіп жатқан олимпиада физика әлеміндегі жылдың басты оқиғасы

Бұл күндері елорда төрінде өтіп жатқан 45-ші халықаралық олимпиада  физика әлеміндегі жылдың басты оқиғасы.Бұл тілшісіне ҚХР-дан келген делегацияның жетекшісі Фан Сенг білдірді.

«Біз мықты құраммен келдік. Өйткені, Астанада өтіп жатқан олимпиада - бұл жылдың ең басты оқиғасы. Мұндай халықаралық іс-шараға біз 500 мыңға жуық оқушының арасынан ең үздіктерін іріктеп аламыз. Олардың бір бөлігі азиялық және өңірлік жарыстарға қатысса, екінші тобы халықаралық олимпиадаға барады. Тоқетерін айтқанда, қатаң іріктеуден өткіземіз. Сондықтан да ағымдағы жылы әдеттегідей біздің мүмкіншілігіміз жақсы», - дейді Ф.Сенг.

Оның атап өтуінше, шара өте жақсы ұйымдастырылған әрі Қазақстан астанасы қатысушылардың жадында ұзақ уақыт сақталатын болады. «Жатын орындармен қатар олимпиадағы дайындық шаралары да әлемдік деңгейде екендігін атап өткім келеді. Біз Назарбаев Университетінде болдық. Маған, сонымен қатар біздің делегацияның барлық мүшелеріне ұнады», - деді ол.

Қытайлық  қонақ қазақстандық мектеп оқушыларының әлемдік ғылыми жарыстарда зор жетістіктерге жетіп жүргендігін де атап өтті. «Қазақстан өз нәтижелерімен аз уақыттың ішінде сенімге ие болды. Егер, қателеспесем 2010-2013 жылдар аралығында сіздердің командаларыңыз халықаралық олимпиадада 3 алтын, 1 күміс және 1 қола жеңіп алды. Ағымдағы жылы да сіздердің оқушыларыңыз жүлделі орынсыз қалмайды деп ойлаймын. Олимпиада Астанада өтуде әрі қазақстандық балалар тыңғылықты дайындалғанын білеміз», - деді қытайлық қонақ.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе