«Балдәурен» РОСО базасында «Қарлығаш ЕХРО - 2017» атты республикалық балалар байқауы өтіп жатыр

Щучьедегі «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2016 жылғы 3-22 мамыр аралығына жоспарланған 6 ауысым аясындағы «Қарлығаш ЕХРО - 2017» атты балалардың республикалық байқауы өтіп жатыр.Байқау 2015-2017 жылдарға арналған «Астана ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары аясында өтуде. Соның ішінде мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру; білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық дамуын қамтамасыз ету; энергожабдықтаудың беріктігі мен тиімділігін күшейту; энергияның балама көздерін дамыту; жаңа «Жасыл» технологияларды дамытуды қолдау негізгі мақсат болып табылады.

Байқаудың негізгі республикалық кезеңдері мынандай:

-  «Менің мектебімдегі энергосақтау және энерготиімділік» атты ғылыми онкүндік;

-  «Менің Эко-Үйім» тақырыбындағы ғылыми жобалар;

-  «Жастардың қайратты энергиясы» балалар бейнефильмдері;

-  «Мини-ЭКСПО - 2017» балалардың техникалық шығармашылығы және работотехника көрмесі;-  «Лас» энергетикаға жол бермейміз!» экологиялық акциясы.

Байқау «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталық базасында, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі «Балдәурен» РОСО РМҚК-да өтуде.                                                                  Қазылар алқасы  



Аты-жөні

Лауазымы, жетістіктері

1

Баржақсымов Б.Қ.- ұйымдастыру комитетінің төрағасы

«Балдәурен» РОСО бас директорының оқу және тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары, ҚР Құрметті қызметкері, 2015 жылғы халықаралық  инновациялық жобалар байқауының жеңімпазы

2

Сахиев Саябек Қуанышбекұлы - қазылар алқасының төрағасы

 

Ядролық физика институты РМК бас директоры,  физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.

3

Шәріпова Г.Х. -  ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары

Оқыту кешенінің директоры, жоғары санатты мұғалім

4

Есболатова Зейнеп Мұстафақызы

NCOC  техникалық реттеу бөлімінің басшысы

5

Нұрәлі

Құдайбергенұлы

 

«Interactive Kazakhstan» компаниясының директоры

6

Битуова Д.Р.

ҚР Білім Академиясының корреспондент мүшесі, «Қазақстанның жас патриоттары  академиясының» президенті

7

Судник О.А.

Ғылыми-әдістемелік бөлімнің әдіскері, жоғары санатты маман

8

Әмірғалиев Ж.К.

Тәрбие беру кешенінің директоры, педагогика ғылымдарының магистрі, 2015ж

9

Яковенко А.А.

Қосымша білім педагогы, халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы, ғылыми-тәжірибелік семинарларға қатысушы, ғылыми-техникалық шығармашылық көрмелерін ұйымдастырушы
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе