Мейірхан Ақдәулетұлы жаңа журнал шығарды

Ақтөбеде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен «Адырна» атты жаңа республикалық әдеби журналдың алғашқы саны жарыққа шықты.Әзірге 2000 данамен тарайтын 240 беттік жаңа журналдың бас редакторы - Мейірхан Ақдәулетұлы. Алғашқы нөмірде Дулат Исабековтің сұхбаты, Серік Ақсұңқарұлы, Ертай Ашықбаев, Әділ Ботпанов, Жанна Елеусіз сынды ақындардың өлеңдері, Светқали Нұржанның «Хан кегі» атты поэмасынан үзінді, Құдияр Біләл мен Аягүл Мантайдың әңгімелері, Таласбек Әсемқұловтың, Мақсат Тәж-Мұраттың, Жұбаназар Асановтың, Бауыржан Бабажанұлының мақалалары енген. Сонымен бірге, Андрей Вознесенский мен Хуан Рамон Хименестің аударма өлеңдері берілген.Журналдың тұсаукесері 2016 жылы 29 қарашада, 15.00-де Алматыдағы Жазушылар одағының ғимаратында өтеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе