Ақпараттық технологиялар университетінің есепшісі 414 млн теңгені ұрлағанын мойындады

– Алматыда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков пен есепші Жанайым Спабековаға қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп тілшісі.

Университеттің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков пен есепші Жанайым Спабековаға 1,7 млрд теңгені жымқырды деген айып тағылған болатын. Сот алдында аталған университеттің есепшісі Жанайым Спабекова жауап беріп жатыр. Сот сұрауы кезінде Жанайым Спабекова 2013-2018 жылдар аралығында 414 млн 790 мың теңгені жымқырғанын мойындады. 2017 жылы 128,2 млн теңге алған. Оның айтуынша, бұл ақшаға Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданынан бір пәтер сатып алған. Алматыда «Арай» тұрғын үйінен паркингі бар 3 пәтер және «Nissan Qashqai», Toyota Hilux көліктерін сатып алған. Қостанай облысында «Айгүл балабақшасы» ЖШС, «Торғай көпсалалы колледжi», «Торғай жылыжайы» және «Аралбай қағазы» компанияларын сатып алған. Қостанай облысы Торғай ауылында 3 үй, 1 жер учаскесін алған. Компаниялар мен жылжымайтын мүліктер бауыры мен баласының атына жазылған. Бірақ екеуі де бұл дүние-мүлік қандай ақшаға келгенін айта алмады. Келесі сот отырысы ертең, яғни 11 наурызға белгіленді. Айта кету керек, бұрынғы ректорға қатысты ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлімімен қылмыстық іс қозғалған еді. Дамир Шыныбеков университетке 2009 жылдан бері басшылық жасаған. 2017 жылы ол қалалық мәслихатқа депутат болып сайланған болатын.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе