Атыраулық оқушылар соңғы қоңырауда Жұмекен Нәжімеденовтің жырларын оқиды

Атыраулық оқушылар соңғы қоңырауда биыл туғанына 85 жыл толатын дауылпаз ақын Жұмекен Нәжімеденовтің жырларын оқиды, деп Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. «Бұдан бір ай бұрын елімізде көрнекті ақын, Қазақстан әнұранының авторларының бірі – Жұмекен Нәжімеденовтің 85 жылдығына орай #Jumeken85 өлең эстафетасы басталған болатын. Жыр сәлемдемесін өткізу - «ATYRAÝ» телеарнасының бастамасы. Басты мақсат ақиық ақынның шығармашылығын дәріптеу арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу. Атырауда басталған жыр шашуын Қазақстанның әр қиырындағы мектеп оқушылары, одан әрі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орнының басшылары мен зиялы қауым жалғастарды. Әлеуметтік желіде қызу қолдау тапқан мәдени-көпшілік іс-шараға қатысқандардың арасында өнер зерттеушісі Илья Жақанов, композитор Төлеген Мұхамеджанов, Қазақстан жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ақын Светқали Нұржан, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова да бар. Жалпыхалықтық сипат алған өлең эстафетасының қорытындысы ретінде Атырау облысындағы барлық мектеп оқушылары Жұмекен ақынның жырларын соңғы қоңырауда оқиды. «Волонтер жылы аясында бұл іс-шараны мектеп оқушылары ерікті түрде өткізеді. Облыстық білім басқармасына өлең оқу жөнінде ұсыныс жасады. Оқушылар мен ата-аналарды қолдауға шақырамыз», - дейді идея авторы, белгілі тележурналист, «ATYRAÝ» телеарнасының директоры Әуесбайдың Қанаты.
600
    Iздеу

    Күнтізбе