Қазақстан мен Франция жоғары оқу орындары екіжақты әріптестікті дамыту меморандумына қол қойды

АСТАНА. 11 Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің оқытушылары мен студенттеріне Францияның Тулуза қаласындағы Ұлттық ветеринария институтының Президенті Алан Милон дәріс оқыды.Астанада ертең өтетін Халықаралық эпизотиялық бюроның (ХЭБ-МЭБ) отырысына Франция делегациясын басқарып келген Алан Милон университет қабырғасында ветеринарлық сала мамандарын дайындайтын оқу орындары арасында тәжірибе алмасу және білікті сала мамандарын дайындау тетіктерін үйлестіруге байланысты мәселелерді көтерді.

Сонымен қатар С.Сейфуллин атындағы ҚАУ ректоры, профессор Ақылбек Күрішбаев пен Франция тарапынан А.Милон екіжақты әріптестікті дамыту туралы меморандумға қол қойды.

Осы меморандум аясында екі жақ бірлескен білім беру бағдарламаларының мүмкіндіктерін тиімді дамыту және қос диплом алу жобасын іске асыру, академиялық ұтқырлық, магистранттар мен PhD докторларын дайындау, біріккен авторлық ұжым құру арқылы оқу-әдістемелік құралдарды басып шығару сияқты келісімдерге келіп, білім беру және зерттеу саласындағы әріптестіктерін дамытуды заңдастырды. Аталған меморандум болашақ ветеринар мамандарын даярлайтын Қазақстандық жоғары оқу орындарының  арасында  тұңғыш рет қаралып, қол қойылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе