Алматыда ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында студенттерге «жасыл кәсіпкерлікті» үйретпек

9 желтоқсан күні «Тұран» университеті Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығымен бірлесіп, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай «ЭКСПО-2017 қарсаңында» атты дөңгелек үстел өткізді, деп тілшісі.Жиында басты баяндама жасаған, аталған ЖОО профессоры Ләззат Құлымбетова шараның мақсаты  ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі қарсаңында  Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу мәселелерін, жастарға экология тақырыбын үйретуді талқылау екенін айтты.

«Біз бүгінгі дөңгелек үстел кеңесімізге, экологиямен айналысатын қоғамдық ұйым өкілдері мен мемлекеттік экологиялық мекемелердің мамандарын шақырдық. Біз жасыл экономика тақырыбын зерттеп жүрген  оқытушылар мен студенттерге жасыл экономика, жасыл кәсіпкерлік тақырыбын мамандарды тарта отырып тереңде таныстырғымыз келеді. Біз Қазақстанның болашағын табиғи тазалықпен байланыстырғымыз келеді», - деді Ләззат Құлымбетова.

Сонымен қатар, ғалым дөңгелек үстелде экологтармен бірлесе отырып, студент жастарды жасыл экономикаға бейімдеу методикалық құралын әзірлеуге шақырмақ екенін айтты.

«Біз эколог мамандармен экология тақырыбында оқыту бағдарламаларын әзірлеуді ортаға салмақпыз. Себебі, студенттердің жасыл экономика туралы теориялық білімдері тәжірибемен ұштасқаны абзал», - деді «Тұран» университетінің профессоры Ләззат Құлымбетова.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе