Гүлшара Әбдіқалықова Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебінің профессорымен кездесті

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Сингапур Ұлттық университеті Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебінің профессоры Лим Сионг Гуанмен кездесті, деп тілшісі.

Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы биыл Қазақстан мен Сингапур арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 толғанын атап өтті. Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен елімізді дамыған 30 мемлекет қатарына қосуға бағытталған «Қазақстан-2050» стратегиясы жүзеге асырылып жатқанына тоқталды. Бүгінде экономиканы, саясатты және қоғамдық сананы қамтитын жүйелі жаңғырту жүргізіліп жатыр, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет саласында да ауқымды өзгерістер жасалуда.

«Біз сингапурлық тәжірибеден көп дүние алдық. Бұл әсіресе мемлекеттік қызметшілері саяси және басқарушылық деп бөлуге қатысты болды. Қазір бізде «А» корпусы құрылған. Бұл Сингапур меритократиясының ең үздік тәжірибесі саналады. Осы ретте біздің мектептеріміздің де маңызды рөлге ие екендігін атап өткен жөн. Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік басқару  мектебі мен Ли Нуан Ю мектебі тығыз ынтымақтастықта», - деп атап өтті Гүлшара Әбдіқалықова.

Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы сингапурлық профессорға зор табыс тілеп, сындарлы ынтымақтастық одан ары жалғаса береді деп үміттенетіндігін білдірді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе