Шортандыда 1200 орындық қазақ орта мектебі пайдалануға берілді

КӨКШЕТАУ. Қарашаның 11/Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Ақмола облысы Шортанды ауданының орталығы Шортанды қаласында 1200 орындық қазақ орта мектебі пайдалануға берілді,деп тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа білім ошағының ашылу салтанатына қатысқан ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев балғындар мен ата-аналарды осынау қуаныштарымен құттықтап, өңірде Елбасының «Жүз мектеп,жүз аурухана» бағдарламасының іске асырылып отырғанын жеткізді. Өз кезегінде мектепке тарту ретінде интерактивті тақта сыйлады. «Промстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылысшыларын дағдарыс кезеңіне қарамастан сәулетті ғимаратты уақытында, сапалы түрде аяқтап шығуларына ризалығын білдірген облыс әкімі Альберт Рау бұл үрдістің жыл бойы жалғасып келе жатқанын тілге тиек етті. Жаңа оқу жылы қарсаңында Көкшетау қаласында Тұңғыш Президенттің интеллектуалдық  мектебі, Жақсы ауданының орталығында жаңа білім ошағы балғындар игілігіне берілгендігін атап көрсетті. Өңір басшысы тарту ретінде көршілес үш ауылдың балғындарын тасымалдауға «Газель» көлігін сыйлады. Мектептің басты ерекшелігі - сәулетіне сай техникалық жағынан толық қамтылған. Бұған дейін осындай типті мектептер тек ірі өндіріс орталықтарында ғана болса, енді міне ауылдық жерлерде де өскелең талапқа сай білім ошақтары бой түзей бастаған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе