Батысқазақстандық мектепте «Жыл мұғалімі» мен «Жыл оқушысы» анықталды

ОРАЛ. 25 Оралдағы дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 мектепте «Ақ жол, қымбатты жас түлек!» атты соңғы қоңырау сал­­танаты өтті.Биылғы оқу жылын аталмыш мектептегі 856 оқушының 222-сі үздік, ал 469 оқушы «4» пен «5»-ке аяқтады. Осы білім ошағы облыстық пәндік олимпиадада командалық есепте 2-орынды иеленіп, 13 оқушы республикалық олимпиадаға жолдама ал­ған. Олардың арасынан 6 оқушы мектеп мерейін көтеріп, үлкен жетістіктермен оралды.

Соңғы қоңырауда 62 жас түлек мектеппен қоштасып, үл­кен талаппен өмір жолы­на аттанды. Олардың ішін­де 7 түлек - «Алтын бел­­гі­ге», 16-сы - «Үздік ат­­тес­­тат­­қа» үміткер.

Шара барысында құт­тық­тау сөз сөйлеп, тү­лек­тер­ге сәтті қадам ті­ле­ген мек­теп директоры Ерса­йын Сапаров «Жыл оқу­­шы­сы» және «Жыл мұ­ғалімі» марапат­тарын тапсырды. Қа­­зақ тілі мен әдебиеті пә­ні­нің мұғалімі Ақерке Бай­жие­но­ва «Жыл мұ­ға­лімі» атағына ие болса, қазақ тілі мен әде­биеті бағытында рес­пуб­ли­калық олим­пиа­далардың бірнеше дүр­кін жүлдегері Алпамыс Файзолла «Жыл оқушысы» атанды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе