Абайдың қара сөздерінің орыс тіліндегі аудио-нұсқасы білім саласында ғаламтордан ең көп көшірілетін сайттардың бірі болып отыр

АЛМАТЫ. 11 Біздің мақсатымыз Абай шығармаларын жастар арасында насихаттау. Бұл туралы «Abai 45» жобасы авторларының бірі Айсұлу Әзімбаева бүгін Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекетік өнер музейінде өткен жобаның таныстыру рәсімнде айтты.«Abai 45» жобасы -  коммерциялық емес бастама. Авторы  «Луч» тәуелсіз шығармашылық бірлестігі. Оның басында Индира Сүлейменова, Шыңғыс Капин сияқты ұлтжанды жас замандастарым бар. Жобаның негізінде заманауи жастардың назарын қазақ әдебиетінің іргелі туындыларына аудару және  өз елінің мәдени мұрасына қызығушылықтарын оятып, насихаттау мәселесі жатыр. Біздің шығармашылық бірлестік өз достары мен «Mobile cretors» әзірлеушілер командасының қолдауымен - www.abai45.kz сайты мен тегін мобильдік ұсынымын жасады. Қазірдің өзінде ол білім саласында ғаламтордан ең көп көшірілетін 3 сайттың бірі болып отыр», - дейді А.Әзімбаева. И. Сүлейменованың айтуынша, онда Абайдың 45 қара сөзінің орыс тіліндегі аудио-нұсқасы бар. Онда Роллан Сейсенбаев пен Клара Серікбаеваның түпнұсқа аудармасы  қолданылды. Олар Әсел Сағатова, Әнуар Нұрпейісов, Асылхан Төлепов, Қарлығаш Мұхамеджанова, Санжар Мадиев, Нұртас Адамбаев сияқты жас актерлердің қатысуымен дыбысталып отыр. Жобада сондай-ақ, актерлердің арнайы фотосессиясы жасалып, әрбір аудио-трек Қуат Шілдебаевтың авторлық композициясымен әрленген.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе