Қызылордалық полицейлер «Мектеп жол» акциясы аясында балаларға қуаныш сыйлады (ФОТО)

Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері «Мектепке жол» акциясы аясында  қайырымдылық шарасынан шет қалмай, көмекке мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетті, - деп хабарлайды ОІІД баспасөз қызметінен.Аталған шара 2015 жылдың 26 тамызы күні облыс орталығындағы Айтбай мешітінде өтті. Қайырымдылық акциясына Қызылорда ОІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі М.Шохатаев пен Кадр жұмыстары басқармасының қызметкерлері қатысып, жаңа оқу жылын бастағалы отырған оқушыларға 80 дана сөмке мен оқуға қажетті мектеп құралдарын табыс етті. Осындай көмекке зәру балалардың бір сәттік қуанышына куә болған қызылордалық полицейлер балалардың қуаныш-шаттыққа кенелуі үшін қолдан келген көмектерін аямайтындықтарын жеткізіп, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі, елдің қорғаны болар үлкен азамат болып өсетіндеріне сенім білдірді. 

Сонымен қатар, қайырымдылық шарасы департамент қабырғасында да жалғасын тапты. Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі М.Шохатаев әлеуметтік тұрғыдан көмекке мұқтаж департамент қызметкерлерін қабылдап, мектепке даярлық кезінде қолдау көрсетті. Департаментте техникалық қызметкер ретінде 15 жылдан аса уақыт қызмет ететін, 5 баланың анасы Қосаманова Камиланың, 2 баланы тәрбиелеп отырған жалғысбасты ана Ералиева Майраның, Тылмен қамтамасыз ету басқармасының аға инспекторы 7 баланың әкесі Аубакиров Айдостың балаларына оқуға қажетті құралдар салынған сөмкелерді табыс етіп, тарту жасады.

Қызылорда ОІІД бастамасымен ұйымдастырылатын қамқорлық акциясы өңірде әрі қарай жалғасын табатын болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе