Сәкен Жасұзақов: Әскери журналистерді даярлау басталды

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов әскери журналистерді даярлау жүйесін жандандыратынын мәлім етті, деп  .«Әскери журналистерді даярлау жүйесін жандандыруға ниеттіміз. Осы тұрғыда құрлықтағы әскер институтына алғашқы қабылдауды іске асырдық. Дегенмен де бұл бағытта  әскери кафедраларға (ЖОО-лар жанындағы) ерекше мән бермекпіз, себебі сұраныс деңгейі айтарлықтай жоғары»,-деді министр.

Сонымен қатар Жасұзақов биыл университеттер жанындағы әскери кафедраларда білім алған түлектер Қарулы күштер қатарына келісімшарт негізінде қабылданатынын айтты. 

«Біз бүгінде қайта бағдарлау шараларын жүргізіп, бірқатар кафедраларда қазіргі заманғы мамандықтарға мән беріп отырмыз. Осы орайда олар ІТ-технололгия, ақпараттық қауіпсіздік мамандықтарына бағыт алды. Менің ойымша, бұл мамандар сұранысқа ие болады. Ағымдағы жылы әскери кафедралардың түлектерін ерікті негізде келісімшарт бойынша Қарулы Күштер қатарына шақыруды тапсырдым»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бұл тұрғыда ЖОО-лар жанындағы әскери кафедралар түлектерінің білімі тексерістен өтетін болады. «Бізде әскери дәрігерлер, артиллеристер мен байланыс мамандары бойынша біршама тапшылық бар»,-деді Жасұзақов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе