Апаттық жағдайдағы және үш ауысымдық мектептер мәселесі 2016 жылға қарай шешіледі - ОҚО

Апаттық жағдайдағы және үш ауысымдық мектептер мәселесі ОҚО-да 2016 жылға қарай шешіледі.Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл түйінді шешуге биыл кіріскен арнайы комиссия ОҚО-да 48 мектеп апаттық жағдайда, ал 21 мектепте оқушылар үш ауысым бойынша оқитынын анықтаған.

«Биыл облыста 32 мектептің құрылысы басталды. Олар апаттық жағдайдағы кей мектептерді ауыстырады. 2015 жылы тағы 10 мектеп және 2016 жылы 6 мектеп салынады деп жоспарланған. Тиісті жұмыстар атқарылған соң, облыста апаттық жағдайдағы мектеп болмайды», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.  Биыл аймақта 115 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Жалпы сомасы  26,9 млрд. теңге. Жыл соңына дейін 40 нысанның құрылысы аяқталуы тиіс. Осылайша 20 мектеп, 7 балабақша қолданысқа беріліп, 2 мектеп қалпына келтірілді. Жыл соңына дейін тағы 11 нысанның құрылысы аяқталмақ.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе