Мысырдағы «Әл-Азһар» университетінде Абай орталығы мен қазақ тілі мамандығы ашылмақ

– Мысырдағы «Әл-Азһар» университетінде Абай орталығы ашылып, қазақ тілі мамандығы оқытылады, деп ҚР СІМ сайтына сілтеме жасап. Министрліктің мәліметінше,

Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Арман Исағалиев әлемдегі ең көне оқу орындарының

бірі және ислам білімінің ордасы болып табылатын «Әл-Азһар» университетінің

ректоры Мұхаммед әл-Махрасауимен кездескен. Кездесуге сондай-ақ Алматыдағы «Нұр-Мүбарак»

Қазақстан-Мысыр ислам мәдениеті университетінің ректоры Мұхаммед әл-Шаххат

әл-Джинди қатысты.Сұхбат барысында елші

А.Исағалиев мысырлық білім ордасының басшысын Қазақстандағы соңғы саяси

үдерістермен, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған еліміздің

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарымен, сондай-ақ жүргізіліп

жатқан білім мен ғылым саласындағы реформалармен таныстырды.Тараптар «Әл-Азһар»

университеті мен еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды, соның

ішінде «Нұр-Мүбарак» Қазақстан-Мысыр ислам мәдениеті университетімен

академиялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Бүгінгі таңда

«Әл-Азһар» «Нұр-Мүбарак» университетін оқытушылармен қамтамасыз ететін мысырлық

тараптардың бірі. Сонымен қатар, ислам білім ордасы Қазақстан мұсылмандары діни

басқармасымен тығыз ынтымақтастық орнатып, еліміздің имамдарын экстремистік

идеологияға қарсы күрес саласында қайта даярлап шығаруға үлкен көмек көрсетуде.Сонымен қатар,

кездесу барысында 2020 жылы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен қазақ

халқының кемеңгер ақыны және ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын

мерекелеу аясында, «Әл-Азһар» университетінде Абай орталығын ашу және Тілдер

және аударма факультетінде қазақ тілі мамандығын енгізу ұсынылды. Ректор

М.әл-Махрасауи аталмыш бастаманы жылы қабылдап, өз тарапынан тиісті қолдау

көрсететінін жеткізді. Бұл бағыттағы жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық

педагогикалық университетімен бірлесе отырып жүргізіледі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе